БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Қалдықыз ана»  бөбекжай – балабақшасы»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыЖетісай ауданының «Қалдықыз ана»  бөбекжай —  балабақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)ҚР, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы,  Жетісай қаласы,  Абай көшесі № 136
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 87475532012                                                       электронды поштасы kaldikiz_ana@mail.com, https://kaldikizanaedu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Усербанева Мадина Батыровна «Қалдықыз ана» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 1-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 01.08.2013  жылы берілген.
БИН 130840001092
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта  2022 жылғы 15 желтоқсандағы№ KZ80RVK00043279 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2013 жыл
8Типтік ғимарат1 қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны5 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші  жас топ-7-10 минут
Кіші  жас топ-7-10 минут
Ортаңғы топ- 15-20 минут
Ересек топ -20-25 минут
МАД тобы-25-30минут
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 115 балаға арналған. 28.10.2013 жылы 50 балаға №17-2-5-244 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 08.01.2015ж 40 балаға №17-2-5-6 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 12.09.2018ж 25 балаға №19-30-10-05-104 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген.   Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1 қабатты типтік жобада салынған, заман талабына сай салынған. Балабақша 115 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. Үш топта 25 балаға лайықталған.Екі топта 20 бала. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Бес топ жұмыс жасайды.  «Балбөбек»кіші жас тобы, «Балапан»кіші жас тобы «Балдәурен» ортаңғы тобы, «Балдырған» ересек тобы. «Ақкөгершін» МАД тобы Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

         Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қайың, емен т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар – 5 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 5 дана;

Түсті принтер-1 дана.

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.